«Бақытжан» мешітінде пайдалы семинар өтті 3828

«Бақытжан» мешітінде пайдалы семинар өтті

16 қазан 2024 295 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешіті әйел-жамағатына бүгінгі таңда өзекті әрі маңызды семинар ұйымдастырылды. Семинар жамағаттың білімге деген қажеттілігі мен қызығушылығын арттырып, білімге, білуге шақырып «Білім және Біз» деген тақырыптың аясында өтті. Семинарға 32 әйел жамағаты қатысты.

Семинарда мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Білім - Алла Тағаладан берілген ұлы сый, нығмет. Білім жолы - Құранның талабы, Пайғамбарлардың сүннет жолы, сахпбалардың сара жолы, жақсылықтың жолы. Білім алудың үкімі дінімізде -парыз дей келе «Алақ» сүресінің алғашқы 5 аятының тәпсірін, Пайғамбардың (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) білім жайлы хадистерін айта отырып, сахабаларын әркез білімге шақырғанын, әл Аркам үйі, суффа сахабалары, ғаоым сахабалар мен табиғиндардың өнегелі өмірлерінен ғибратты оқиғалар айиып берді. Сондай-ақ қазақтың ұлы ойшыл, данасы Абайдың "Адам дүниеге 2 түрлі мінезбен келеді...", «Адам бол, мал тап», т.б. қара сөздері тілге тиек боп ашықталып кетті. Саңлақ сахаба Әлидің (р.а), ғалым табиғин Хасан әл Басридің "Дүние артық па, білім артық па?" деген қанатты сөздерін прақтикалық түрде талдай отырып көпшілікке ой тасталды. Жалпы семинар өте пайдалы болды. Жамағат ойға шомып, білімнің қадірін түсініп, ой түіндері мен пікірлерін білдірді.