"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына  "Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің ұлағаты" атты  семинар өткізілді 3466

"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына "Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің ұлағаты" атты семинар өткізілді

28 шілде 2024 1493 Оқу 1 минут

Ұрпақ тәрбиесі қашанда маңызды және қажетті істердің бірі. Қазақ халқымыз : "Ұлды тәрбиелегенің  ерді тәрбиелегенің, қызды тәрбиелегенің - ұлтты тәрбиелегенің" деп тектен текке айтпаған. "Қыз ұяты шешеге", "қыз-өріс" деген халқымыз қашанда қыз тәрбиесіне жіті көңіл бөлген. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде түрлі ұлттық құндылықтарымызға қарсы , қайшы мәселелер етек алып жатқан кезде қыз балалардың абыройы мен ұяңдығын сақтап, рухани тәрбиесіне көңіл бөлуіміз қажет-ақ. Осы себепті де жас аналар мен көреген әжелер қатысуымен мешітімізде пайдалы семинар өтті. Бұл семинарда "қызым саған айтамын, кедінім сен тыңда" демекші жас аналарға да, жас қыз балаларға да ақ жаулықты әжелер кеңестерін айтып, жалпы әр түрлі жағдаяттар бойынша бүгінгі күннің ұрпақ мәселесі, қыз балалардың қылықтары, ілім алуы, әдептері  туралы біраз сөз қозғалды.

Сондай -ақ мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова  дініміздегі қыз балалардың мәртебесі мен дәрежесі, қыз тәрбиесіне берілетін сауаптар, ұрпақ алдындағя жауапкершіліктер мен Пайғамбарлар өмірінен өнегелі өсиеттерді тілге тиек етті.

Семинарға жиналған жамағат көптеген пайдалы дүниелер тыңдап, сауалдарын қойып, пікірлерін айтып, риза боп тарасты