Шалқарда «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті
Бүгін Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 17 отбасыға азық-түлік табысталды.
«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа ешқашан мойымаңыздар. Отбасыларыңыздан елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін»,-деп ұстаз Талғат Аманов көпшілік қауымға жылы лебізін білдірді.
Ізгі шараға Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов арнайы қатысып, құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 17 отбасыға жалпы салмағы 204 кг құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді.
Шара барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екенін атап өтіп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































