«Көшпелі уағыз-насихат керуені»: Шыңғыс Құлшаров тарихи мешітте уағыз-насихат айтты 4948

«Көшпелі уағыз-насихат керуені»: Шыңғыс Құлшаров тарихи мешітте уағыз-насихат айтты

23 қазан 2025 60 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында «Қайырқожа» мешітінің бас имамы Құлшаров Шыңғыс Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Уәдеге беріктік» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында имам уәде мен аманатқа адалдықтың мұсылманның ең маңызды қасиеттерінің бірі екенін атап өтіп: «Ислам адам бойындағы көркем мінез-құлықты кемелдендіру үшін келген дін. Сол көркем сипаттардың бірі уәдеге беріктік. Шынайы мұсылман сөзіне берік, уәдесіне адал адам. Өйткені бұл сипат Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезінен көрініс тапқан. Оның уәдесі мен аманаты ешқашан бұзылған емес. Сондықтан әрбір мұсылман да осы сипатпен ерекшеленуі тиіс»-деп түсіндірді.

Сондай-ақ жамағатты әр істе жауапкершілік пен сенімділік танытуға, сөзінде тұруға және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын берік ұстануға шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі