Бас мүфти:  Рамазан – рухани құндылықтарды көбірек насихаттайтын ай 1387

Бас мүфти: Рамазан – рухани құндылықтарды көбірек насихаттайтын ай

03 наурыз 2022 76 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Алла қаласа, алдағы айда мұсылман баласы асыға күтетін, айлардың сұлтаны Рамазан айы басталады. Бұл – халқымыздың рухани сұранысын қанағаттандырып, барынша уағызымыз бен насихатымызды айтып, рухани кеңесімізді, пәтуамызды жеткізіп қалатын үлкен мүмкіндік әрі маусымдық кезең. Сондықтан ұлық айды барынша дайындықпен өткізуге бар күшімізді сарп етейік. Әсіресе Шариғат және пәтуа, Уағыз-насихат, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімдері өзара үйлесіммен қызмет етіп, жақсы нәтижеге қол жеткізуі керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти өңірлерде ашылған «MUNARA TV» телеарнасының бөлімдерінің, яғни студияларының жұмысын жан-жақты жандандырып, ғибратты телеөнімдер ұсынуды тапсырды.