Хромтау: Жамағатқа халал астың маңыздылығы түсіндірілді 3247

Хромтау: Жамағатқа халал астың маңыздылығы түсіндірілді

02 наурыз 2024 745 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Алмат Әли Хромтау ауданы жамағатымен кездесті. Кездесуде «Халал астың маңыздылығы» атты танымдық шара өткізді.

Дастрахан басында өткен кездесуде, сүбелі сұхбат құрылып. жергілікті жамағатқа шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымызға және күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харам нәрсенің денсаулығымыз үшін де, ақыретіміз үшін де тигізер зияны туралы кеңінен айтып берді.

Сондай-ақ жамағатқа «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындардың қадағалалануы, халықты ақпараттандыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан оқу-семинарлардың маңыздылығы түсіндірілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі