Темір «ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты семинар өтті 4161

Темір «ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты семинар өтті

13 ақпан 2025 109 Оқу 1 минут

Темір ауданында «ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты имамдарға арналған семинар өтті.

Ауданның бас имамы Зарлық Ералин семинар барысында пәтуа берудің жауапкершілігіне тоқталды.

Сонымен қатар жамағаттың сұрағына жауап беру, апта сайын пәтуа сағатын өткізу туралы да баяндалды.

Одан өзге имамдарға ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінен шыққан пәтуаларды білуі және жамағатқа таныстырып отырудың маңызды екендігі баса айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі