РАНТ мүшесі Шалқар ауданында
ҚМДБ-ның 2022 жылғы жоспары аясында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданына РАНТ мүшесі, Тараз қалалық «Әзреті Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет Нұртайұлы келіп, 300 адаммен жалпы кездесу өткізді.
Сапар барысында Бас имам «Ихсан ілімі – рухани тәрбие негізі» тақырыбында ақсақалдарға және мешіт жамағатына, еріктілерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рухани дертке бой алдырмау жолындағы күресті атады.
Сонымен қатар «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде бесін намазын жүргізгеннен кейін мешітке қолдау білдірген кәсіпкерлермен «Шафран» кафесінде түстену барысында «Мешіт – мұсылманның үйі» тақырыбында уағыз айтып, қайырымдылық жасауда мұрындық болған азаматтардың қандай сауапқа кенелетіндігі туралы тоқталды.
Ал ақшам намазынан соң аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жамағатқа “Бірлігі жарасқан” атты шара ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындары мен ақсақалдар және жамағат қатысты. РАНТ мүшесі аталған басқосуда «Дін исламда ауызбіршіліктің маңызы» аясында уағыз айтып, кемел мұсылман болу жолдарына жіті назарға алып, қойылған сұрақтарға дін мен дәстүр аясында толығырақ жауап берді.
Іс-сапар Облыстық «Нұр Ғасыр» мешінде таң намазын жүргізумен жалғасын тапты. Одан кейін «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болып, «Туыстық қарым –қатынасты нығайтудың 5 сыры» тақырыбында сүбелі сұхбат берумен қортындыланды.
Бағдарлама барысында шариғаттағы туыстық-қатынастың үкімі мен дәстүр даналығы, тамыры терең туыстық, бүгінгі қоғамдағы туысқандармен қарым-қатынас мәселері туралы қамтылды. Сұхбатты алдағы жұма күні ютюб арнамыздан жергілікті уақыт 21:00-де көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі