БАС МҮФТИ ӘБУ-ДАБИДЕ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ 2255

БАС МҮФТИ ӘБУ-ДАБИДЕ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ

09 қараша 2022 102 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған жұмыс сапарында осы елдегі елшіміз Мадияр Меңілбековпен кездесті.

Кездесуде екі елдің әріптестік байланысы сөз болды. Елші Бас мүфтиге жуырда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысында әмірліктер тарапы қазақстандық студенттерге Мұхаммед бен Заид атындағы Гуманитарлық ғылымдар университетіне грант бөлу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Басқосу барысында Шаржадағы Әл-Қасимия университетінде экономика және менеджмент, араб тілі мамандықтары бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы сөз болды.