Хромтауда 50 отбасыға 554 келі азық-түлік таратылды 3250

Хромтауда 50 отбасыға 554 келі азық-түлік таратылды

03 наурыз 2024 649 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының “Тайқазан” жобасы аясында аудан бас имамының ұйымдастыруымен азық-түлікпен көмек акциясы өтті. Қайырымдылық шарасы аясында көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік таратылды. Жалпы ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктерге жалпы бағасы 494 000 теңгені жұмсалып, 554 келіні құрады. Іс-шараға облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы қатысып, отбасыларға насихат айтты.

Шара ұйымдастырушыларының сөзінше, алдағы уақытта бұндай игі бастамалар жиі өткізілмек.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі