«Уақып — сарқылмайтын сауап»  атты семинар өтті 2005

«Уақып — сарқылмайтын сауап» атты семинар өтті

27 тамыз 2022 83 Оқу 1 минут

 ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Ақтөбеге келген іс-сапары барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала, аудан имамдарына «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында көшпелі насихат жұмысы бойынша кезекті семинар өтті.

 Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы аталған жиынның «Уақып» қорының жұмысын халық арасында кеңінен насихаттап, жұмысын жандандыруға бағытталдығы туралы баяндады. 
«Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы жиынға жиналған дін қызметкерлеріне Түркия мемлекетіне сапарындағы көзбен көрген уақып жұмысының жүргізілу қарқынымен танысқанын айтып, басқа елдерден алған тәжірибесімен бөлісті. Қазақ еліндегі уақып насихатының кенжелеп қалғанын айтып, Пайғамбар (с.ғ.с.) заманы мен ата-баба кезеңінен келе жатқан аталмшыш шариғат әмірін қайта жандандыру жұмыстарының ерекше тетіктері мен ҚМДБ дайындаған жобаларды көрсетті.

«Кейде біреулер уақыпты зекетпен шатастырып жатады. Уақып пен зекет екі бөлек нәрсе. Халыққа екеуінің арасын ажыратып көрсету мына дін қызметкерлері, сіздердің мойындарыңыздағы жауапкершілік» деп «Уақып» қорының басшысы имамдарға насихатын айтты.

Сондай-ақ Ардақ Нүсіпханұлы уақыптың шариғаттағы түрлеріне тоқталып, халық арасындағы байқуатты, дәулетті кәсіпкерлер азаматтарға «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» деп хадисте айтылғандай, Алла жолында садақа берудің маңыздылығы мен сауабын кеңінен насихатталуын тапсырды.

Ал уақып – садақаның ең абзалы. Өйткені, уақып жасаған адамның садақасы ана дүниеге де үздіксіз барып тұрады.

Одан өзге мешіт ауласындағы бос орындарға жергілікті әкімшілік пен кәсіпкерлермен бірігіп дін насихатын жүргізу, жетім-жесірге қарайласу, шәкірттерді оқытып шығару, кедей-кепшіктің мұқтаждығын өтеу секілді қайырымды істерге жұмсалатын қаражат әкелетін кәсіпорындар мен сауда нүктелерін ашудың әртүрлі жобаларын көрсетті.

Семинар қортындысында имамдардар Ардақ Нүсіпханұлы ризашылығын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі