Байқау жеңімпаздары анықталды 680

Байқау жеңімпаздары анықталды

03 шілде 2021 103 Оқу 1 минут

28-маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлері нің мерекесіне орай, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Тәрбие көзі—иманда» атты шығармашылық байқау өз мәресіне жетті. Мешітіміздің ресми инстаграм парақшасында жүргізілген онлайн байқау жеңімпаздарын

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы құттықтап,бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сайысқа 10-ға жуық қатысушы өз жұмыстарын ұсынып, олардың ішіндегі көркем әрі тұщымды ой қозғаған шығармалар ең үздіктер қатарына қосылды.

Дегенмен, әр қатысушының жұмысы бағалауға тұрарлық екені ескеріліп, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Тұлға тәрбиелеуге қатысты маңызды тақырып арқау болған соң әр түрлі маман иелері де бұл сайыстан шет қалмағанын аңғардық. Сөзімізге дәлел, байқауымыздың бас жүлдесін жеңіп алған Жанар Біртайқызы бастауыш сынып мұғалімі.

Сондай-ақ,ГауһарҚойшығұлова II орын, Ұлжан Айжарыққызы III орынды иеленді.

Қалалық орталық мешіт тарапынан жүзеге асқан онлайн байқауға қатысушалыр өз лебіздерін білдіріп,алғыстарын жеткізді.


Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі