«Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» атты интеллектуалды  білім сайысы өтті 5004

«Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» атты интеллектуалды білім сайысы өтті

18 қараша 2025 70 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің жамағаты арасында «Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.

Додада сұрақтар «Саңлақ сахабалар» тақырыбында таңдалынған. Сұрақтар «Kahoot» қосымша арқылы электронды түрде қойылып, жеңімпаздар қосымша арқылы анықталды.

Білім сайысын аталған мешіттің ұстазы Нұрмахан Мырзаханұлы жүргізді, ал жеңімпаздарды мешіттің бас имамы Нұрлыбек Панабайұлы марапаттап, діни кітаптар табыстады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі