Halal Expo 2025: Көрме аясында халықаралық келіссөздер жүргізілді 5246

Halal Expo 2025: Көрме аясында халықаралық келіссөздер жүргізілді

21 қыркүйек 2025 1 Оқу 1 минут

Алматыда «Halal EXPO 2025» халықаралық көрмесі аясында халал стандарттау мен сертификаттау саласына жауапты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен маңызды жиын өтті.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлының төрағалығымен өткен басқосуға Ресей, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің мамандары қатысты.

Кездесуде халал индустриясын дамыту, тәжірибе алмасу, өзара мойындалатын стандарттарды енгізу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру және сертификаттау жүйелерін үйлестіру бағытында келісімдер жасалды. Жиын соңында қатысушылар халал өнімдерге тұтынушы сенімін арттыру және халықаралық стандарттарды біріздендірудің маңыздылығын атап өтті.