БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ СІМ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Франция Сыртқы істер министрлігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посельмен кездесті.
Кездесуде діндер арасындағы өзара түсіністік, радикализмнің алдын алу және өркениетаралық диалогты дамыту мәселелері талқыланды. Бас мүфти Қазақстанның дінаралық келісім тәжірибесін атап өтсе, қонақ еліміздің бейбітшілік пен келісімге қосқан үлесін жоғары бағалады.





































