Жамағат арасында футболдан жарыс өтті 6743

Жамағат арасында футболдан жарыс өтті

19 қазан 2026 64 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында ҚМДБ «Жастар ісі» секторының «Спорт» бағыты бойынша жамағат арасында футболдан жарыс өтті.

Шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді пайдалану және жамағат арасындағы бірлікті нығайту.

Іс-шараға мешіт жамағатынан құралған 6 команда қатысып, әр команда сапында 6 ойыншыдан бақ сынады. Нәтижесінде жарысқа жалпы 36 қатысушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды «АКА» (25 000 теңге), 2 орынды «Цеханович»(15 000 теңге), 3 орынды «Фатх» (10 000 теңге) тобы иеленді. Одан өзге жарыста белсенділік танытқан қатысушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі