Қаланың бас имамы жамағатпен жүздесті 4753

Қаланың бас имамы жамағатпен жүздесті

18 тамыз 2025 108 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен дастархан басында басқосты. 

Жамағаттың ауызбіршілігін нығайтып, бірлігін арттыру мақсатында әр ай сайын дәстүрлі түрде өтетін «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани басқосу аясында көпшілікпен кездескен бас имам жамағатпен етене танысты.

Басқосу барысында Алмат Әли береке мен бірлік аясында уағыз-насихат айтып, әрбір істің шырайын келтіретін әрекет- ауызбіршілік екендігін, әсіресе, дін үшін атқарылатын амалда ынтымақтың маңыздылығы ниеттің маңыздылығы секілді аса құнды екендігін атап өтті.

Сонымен қатар жамағат тарапынан айтылған ұсыныстар-өтініштерді тыңдап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар легімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі