ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ АЯҚТАЛДЫ 5256

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ АЯҚТАЛДЫ

18 қазан 2025 4 Оқу 1 минут

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылу рәсімі өтті. Айтулы шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы екі күнге созылған съезд жұмысын қорытындылап, түрлі дін өкілдерін бір арнаға тоғыстырған форумның маңыздылығына тоқталды.

«Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі н ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті», – деді Президент.

Жабылу рәсімінде бірқатар мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, форум жұмысына жоғары баға берді.

Алқалы жиында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің қорытынды Декларациясы қабылданды.