Қалалық орталық мешіттің дәретханасы кеңейтілді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің дәрет алатын арнайы орны кеңейтілді. Мешітке келуші жамағаттың жылдан-жылға артып, көбеюуіне байланысты дәрет алатын орын тапшылығы туындаған еді. Аталған мәселе мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен оңтайлы шешімін тауып, қазіргі таңда көпшіліктің қолданысына берілді. Жалпы, тазалық мәселесі дінімізде аса маңызға ие. Бұл туралы Пайғамғамбарымыз (с.ғ.с) : “ Тазалық-иманның жартысы” деп түсіндіріп, дәрет алушының әр дене мүшесін жуғанда одан күнәлары төгілетіндігі жайлы және айтқан. Сондықтан да, құлшылық үйіне келген әрбір адамның емін-еркін тазалықты сақтап, жылы да жайлы жерде дәрет алуына жағдай жасалып, сырт дәрет алатын тағы 25 орын қосылды.
Айта кетейік, бұл игі іске 6 500 000 теңге қаражат жұмсалды.
Аталған іске, қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған барша азаматтарға алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз.