Қала имамдарына жылдық жоспарға сай тапсырмалар берілді 3207

Қала имамдарына жылдық жоспарға сай тапсырмалар берілді

13 ақпан 2024 1182 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның бекіткен биылғы жоспарына сай аталмыш жыл «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп аталды. Осыған орай, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы қала имамдарына 2024 жылы басымдық берілетін 5 бағыт: діни оқу-ағарту, ізгі қоғам, ихсан және насихат, жат ағымдардан сақтандыру, және дін мен дәстүр бағыттары бойынша жұмыстарды талқылау жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты алдағы атқарылар істерді жоспарға сай талқылап, ауқымды іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда нақты қадамдар бекіту және аталмыш шараларды аса жауапкершілікпен бірлесе атқару.

Сондай-ақ, бас имам өткен жылда атқарылған жұмыстарға бір шолу жасап, кеткен кемшіліктер мен олқылықтарға ескертулерді де баса атап өтті. Одан өзге ендігі уақытта дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын шаралар мен істерді одан да көбірек насихаттап әрі жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жасау қажеттігін тапсырды.

Айта кетейік, қала бойынша 10 мешіт болса, аталмыш құлшылық үйлерінде 40 жуық діни қызметкерлер халыққа қызмет жасауда.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі