Спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу өтті 3208

Спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу өтті

14 ақпан 2024 1099 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының бас имамы Нұрлан Қырықбаев Бадамша ауылдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлерімен жалпы кездесу өткізді. Кездесу барысында «жат ағымның сипаттары» туралы сөз қозғалды. Бас имам аудандағы жасөспірімдер арасындағы таралып жатқан жат діни насихаттың алдын алу үшін тәрбиешілерге әдістемелік көмек беріп, бағыт-бағдар берді. Олар өз кезегінде өздерін мазалаған сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі