Қасапшылар мен молдаларға семинар өткізілді 3398

Қасапшылар мен молдаларға семинар өткізілді

05 маусым 2024 426 Оқу 1 минут

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өткізілді. 

Семинарға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы және «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Алмат Әли, қала имамдары мен жергілікті қасапшылар қатысты. 

Алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай,қҚасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері,мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары түсіндірілді.Шариғатқа сай мал бауыздау талаптары аят-хадис үкімдері, дін ғұламаларының еңбегі негізінде кеңінен тарқатылып айтылды. Халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері де қозғалды. 

«Қасапшылық - сауапты һәм жауапты іс» оқу-семинарына «ҚМДБ халал» стандарты бойынша мал бауыздап, ет өңдеуге, «ҚМДБ халал қасапшы» куәлігін алуға ниет білдірген қасапшылар және бұрын куәлік алған қасапшылар қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел игілігіне қызмет етіп, отандық халал, таза ет өнімдері өндірісін дамытуға ат салысуға шақырды.

Семинар соңында қасапшыларға куәлік табысталды.