«РОКОС Ко» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
«Халал Даму» мамандарының Ақтөбе облысына іс-сапары барысында «Рокос Ко» шұжық цехында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Нұрбек Қанатұлы, Ақмаражан Ержанқызы, жергілікті жауапты өкіл Әли Алмат орындады.
Мамандар шұжық цехындағы өндірістік процестерді толықтай тексеріп, шикізат қабылдаудан бастап дайын өнімнің қапталуына дейінгі барлық кезеңдерді қадағалады. Аудит барысында технологиялық талаптардың сақталуы, өндірісте қолданылатын қоспалардың халал стандарттарына сәйкестігі және қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауы мұқият қадағаланды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттары бойынша оқыту жүргізіліп, өнім өндіру кезінде жіберілуі мүмкін кемшіліктер талқыланды. Аудит нәтижесі бойынша кәсіпорынның халал стандарттарын сақтау деңгейі жоғары бағаланып, кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.
Айта кетейік, «Рокос Ко» шұжық цехында халал сертификатының жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі