Облыстың Бас имамы мен  наиб имамы Рамазан айы туралы сұхбат берді 5919

Облыстың Бас имамы мен наиб имамы Рамазан айы туралы сұхбат берді

11 ақпан 2026 42 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев пен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Ақтөбе телеарнасындағы «Дін мен дәстүр» бағдарламасына сұхбат берді. 

Бағдарламаның шығарылымы «Рамазан — ізгілік айы» тақырыбына арналды.

Тілші бағдарлама барысында қасиетті Рамазан айы туралы халық арасында жиі кездесетін сұрақтар мен ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің Рамазан айындағы атқаратын жоспарлары мен дайындықтарын сұрады.

Ал имамдар Рамазан айының басқа айлардан артықшылықтары мен ол айда атқарылатын құлшылықтардың сауаптарына тоқталды. Ауызашар берудің сауабы, ішіп-жеуден басқа тыйылу керек болған тыйымдар, Қадір түнінің құлшылығы секілді сұрақтарға жауап берді.

Одан өзге оқушының оразасы, денсаулығына байланысты сырқат адамның, жолаушының және ауыр жұмыс жасайтын кісілердің ораза ұстау ерекшеліктерін баяндап, шамасы жеткен адамдарға жылына бір келетін Рамазан оразасын ұстаудан құр қалмауға шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі