Қалалық мешітте Қадір түні аталып өтті 3351

Қалалық мешітте Қадір түні аталып өтті

12 сәуір 2024 2008 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қасиетті қадір түні аталып өтілді. Рамазан айының соңғы тақ күндеріне сәйкес келу ықтималдығы жоғары болған, мың айдан да қайырлы қадір түнін жұртшылық құлшылық жасап, еліміз үшін дұға жасаумен өткізді. Жиылған жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, құптан намазаның алдында мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы «Қадір түнінің қадір-қасиеті» туралы уағыз-насихат айтты. Кейін жамағатпен тарауих намазы оқылып, сұрақ-жауаптар қойылып, белсенді азаматтарға сыйлықтар тарту етілді.Сондай-ақ, ішкі мұң-мұқтаждықтары мен дұға-тілектерінің қабыл болуын тілеп келген көпшіліктің жеке құлшылық жасауына уақыт беріліп, одан соң бұл түндегі ескеру қажет маңызды дүниелер туралы уағыз айтылып, ақсақалдар еліміздегі орын алып жатқан жағдайларға орай дұға тілектерін айтып, бата қылды. Таңға дейін ізгі істермен жалғасқан кеште көпшілік имамға ұйып таң намазын оқып, тарқасты.