«Иман нұры» хабарында имамдар қонақта 1158

«Иман нұры» хабарында имамдар қонақта

02 желтоқсан 2021 118 Оқу 1 минут

«Aqtobe» теларнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов қонақ болып, сүбелі сұхбат берді. 

Бағдарлама аясында «Жастарды жат ағымнан қорғау жолдары», «Әсередіншілдік», «Өсек — бүліктің бастауы» тақырыптары қаузалды. Сұхбаттарды жуырда «Aqtobe» телеарнасынан көре аласыздар.

Осы жұма күні эфирге «Әсередіншілдік» тақырыбындағы қалалық орталық мешіттің Бас имамы берген сұхбат көрерменге ұсынылады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі