Жат ағымның белгілері және одан сақтану жолдары айтылды
Шалқар ауданында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шалқар ауданында, Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетпісбаев аудандық 1-ші кітапхананың ұйымдастыруымен Жангелдин ЖОББМ-нің мектеп оқушыларына «Жат ағым жарға жығады»тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам жат ағымның белгілері және одан сақтану жолдары туралы ақпарат берді.
Одан өзге оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі