2022 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті 1251

2022 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті

29 қаңтар 2022 214 Оқу 1 минут

Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатпен кері байланыс мақсатында 2022 жылдың алғашқы «Сұрақ-жауап алаңы» өтті. 

Аталған шараға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Нұрбол Смағұлов пен Мұхаммедисмаил Шадман қатысты. Жамағат арасынан ақида мен фиқһқа байланысты өздерін жиі мазалап жүрген сұрақ қойылып, дін мамандары тұщымды жауап берді.

Еске салсақ, «Сұрақ-жауап алаңы» әр жұма күні жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі