Жілік майды жеуге бола ма? 1324

Жілік майды жеуге бола ма?

22 ақпан 2022 1413 Оқу 1 минут

Құрметті оқырман, бұл сұраққа жауап берместен бұрын ненің харам ненің халал екендігін біліп алған абзал. 

Алла Тағала Құран Кәрімде:

﴿حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةُ وَالدَّمُ وَلَحْمُ الْخِنْزِيرِ وَمَا أُهِلَّ لِغَيْرِ اللَّهِ بِهِ وَالْمُنْخَنِقَةُ وَالْمَوْقُوذَةُ وَالْمُتَرَدِّيَةُ وَالنَّطِيحَةُ وَمَا أَكَلَ السَّبُعُ إِلا مَا ذَكَّيْتُمْ﴾

«Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атынан бауыздалған мал арам етілді. Буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш (аң, құс) жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздалғандары басқа»[1]– деп үкім ете отырып, жейтін етіміздің қайсысы адал, қайсысы арам екенін атап көрсетеді.

Еті желінетін жануарлардың желінуі мәкрүһ болған жерлері мыналар:

А) Жыныстық мүшелері (жұмыртқасы және жыныстық басқа да бездері).

Б) Жануарлардың өттері.

Ал шариғат талаптарына сай бауыздалған халал жануарлардың терілері, бауыры, жүрегі, көкбауыры (қара талағы) және еттерінің арасында ақпай қалған қандар желінуі халал азықтар қатарына жатады. Оған жоғарыдағы аят дәлел бола алады.

عن عبد الله بن عمر ، أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال : " أحلت لكم ميتتان ودمان، فأما الميتتان : فالحوت والجراد، وأما الدمان : فالكبد والطحال


 Ибн Омардан Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай бұйырады: «Сендерге екі өлік және екі қан адал етілді. Екі өлік дегенім - балық пен шегіртке, екі қан дегенім - бауыр мен көкбауыр»[2]

 Қазақ халқында жілікке қатысты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Әлдебір саланың маманына қарата, «Ол – бұл дүниенің жілігін шағып, майын ішкен адам ғой» -деген тіркесті жиі айтамыз. «Жылама, балам, жылама. Жілік шағып берейін…» деген жолдар бесік жырында да кездеседі. 

Жоғарыдағы хадиспен аяттарға сүйене отырып, шариғаттағы мына қағида «Барлық заттардың негізгі ерекшелігі оның мұбах екендігінде» сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрінде жілік майының ерекше қасиетке және дәрумендерге бай екндігін ескере келе, оны жүйелі түрде пайдаланған. Тілге тиек еткен дәлелдер бізге жілік майдың халал екендігін анықтауға көмектеседі. 

Дайындаған: Мұхаммедисмаил ШАДМАН

Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр-ғасыр» мешітінің найб имамы

 [1] «Мәида» сүресінің 3-аятында:

[2] Ибн Мажа 3314