Аудан ақсақалдары тарихи орындарды зиярат етті 3780

Аудан ақсақалдары тарихи орындарды зиярат етті

03 қазан 2024 308 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің Бас имамы Ералин Зарлықтың мұрындық болуымен Қарттар күні қарсаңында аудан ақсақалдары және жамағат «DARHAN DALA travel» жобасы аясында тарихи орындарды зиярат етті. 

Темір ауданы орталығы Шұбарқұдықтан 4 км жерде орналасқан діни ағартушы тұлға Досжан Ишан Қашақұлының мемиориалдық кешені, ауданға белгілі діни білім иесі Нұрлепес ата қабірі, тарихи тұлға Сәңкібай ата кесенесі зиярат етіліп, ата-баба рухтарына Құран бағышталды.

«Отандық туризмді дамытуда, келешек ұрпаққа тарихымызды танытуда мұндай шаралардың орны бөлек»,- деп аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бабатай ақсақал маңыздылығын айтты.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі