Жүректің саулығы 291

Жүректің саулығы

28 қазан 2020 209 Оқу 1 минут

Жүрек жайлы өте пайдалы кеңес. Пайғамбар (Алланың ол кісіге салауаты мен сәлемі болсын) айтқан бұл кеңеске құлақ түрсеңіз, күйзеліс, құлазу сияқты рухани дерт сізге жуымайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...Денеде жұдырықтай бір ет бар. Ол сау болса дене тұтастай сау болады. Еер ол ет бұзылса дене толығымен бұзылады. Ал, ол – жүрек», - деп айтқан. Бұл ұзын хадистің соңғы бөлігі. Аталмыш риуаят Бұхари, Муслим, Ибн Мажа, Тайалиси, Ахмед, Дарами, Ибн Хиббан сынды хадис ғалымдарының еңбектерінде кездеседі.

Осы хадисте медициналық ғажайып құбылыс туралы айтылған. Бүгінде медицина жүрек қандай да бір дертке шалдықса, оның салдары тұтастай ағзаға әсер ететінін айтуда. Жүрек қолданылған қанды өкпеге айдайды. Сол арқылы қан құрамындағы көмір қышқылды айдап шығады. Өкпеде қан оттекпен араласады да, тазартылған күйде өкпе арқылы қайтадан жүректің сол қарыншасына келіп құяды. Кейін сол жерден аорта арқылы барлық денеге тарайды. Егер жүрек бір дертке шалдығуы салдарынан қан айналымы әлсіресе, тін, яғни дене жасушалары аса қажет ететін оттегі тапшылығын сезіне бастайды. Оттегі өз кезегінде қан құрамындағы қантты, майларды жағып тазалап отырады. Сонымен қатар, азғаға қуат көзі боп табылады. Қан айналымы бұзылумен тін мен жасушалар қозғалысы тоқтайды. Ал, бұл жасушалардың бірте-бірте өлуіне алып келеді. Міне, бұл жүрек қызметінің бұзылуының салдары. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздерді он бес ғасыр алдын айтқан. Адамзат болса қан айналымы және жүрек қызметі жайлы әрі хабарсыз уақытта.

Сонымен бірге, жүректің жағдайы рухани жүрекке тікелей байланысы бар. Рухани жүрек адамның мінез-құлығы мен жүріс-тұрысымен тығыз байланысты. Демек, адамның он екі мүшесіне рухани жүректің де маңызды әсері бар. Себебі, көңілі құлазыған адамның денсаулығы нашарлап әлсірейтіндігі, ал шаттық көңілде жүретін адам тұла бойы қуат пен өмірге тола болатындығы мәлім.

Сондықтан, екі дүние сұлтаны, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылман бір күнә жасаса, ол күнәсі жүрегінде бір қара нүкте болады. Тәубе жасап, күнәсынан тыйылып Алла Тағаладан кешірім сұраса, жүрегі ысылып жылтырай түседі. Ал, күнәсін ұлғайта берсе, қара нүкте де ұлғая түседі де жүректі толығымен бүркеп қаптап тастайды. Міне, бұл Алла Тағаланың «Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары бүркеп алды» ("Мұтаффинун" сүресі, 14-аят) деп айтқан бүркеуі», - деген екен. Бұл хадис, Тирмизи, Ибн Мажа және Ахмед кітаптарында сахаба Әбу Һурайра (р.а.) риуаятымен жеткен.

Ендеше, күнәнің жүрек қызметіне қаншалықты ауыр соққы беретіндігін байқадыңыз ба? Ешкімге көрсетпей құпия жасаған күнә және заңбұзушылық адамның жүрегін дертке шалдықтырады. Ал, керісінше күнә атаулыдан аулақ жүрген адамды ешбір ауру жеңе алмайды.

Ибраһим Мұстафа,

арнайы nurgasyr.kz үшін