Есмурзаев Бауыржан Қайырбайұлы 176

Есмурзаев Бауыржан Қайырбайұлы

26 қыркүйек 2020 170 Оқу 1 минут

Есмурзаев Бауыржан Қайырбайұлы - 1987 жылы 23-шілде де, Түркістан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Жетісай қаласында Ю.Гагарин атындағы орта мектеп табалдырығын аттаған.

2001-2004 жылдары Шымкент қаласындағы «Дару әл-Арқам» атындағы Құран жаттау орталығында қәсиетті Құранды толық жаттап шыққан.

Шет елдерде тіл курстарында оқып, бірнеше ұстаздардың алдында Құранын пысықтаған.

Халықаралық, Республикалық Құран жарыстарына қатысып, жүлделі орындар мен марапаттарға ие болған.

2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы "Нұр Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінде оқып, исламтану мамандығын тәмәмдаған.

2012-2019 жылдар аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылында, қарилар дайындау медресесінде ұстаздық қызмет атқарып, бірнеше қари тәрбиелеп шығарған.

2002 жылдан бастап Қазақстан қалаларында, Рамазан айында, тарауих намазында Құран хатым етіп келеді.

Қазіргі таңда Алматы қаласында "Қалқаман-2" мешітінде ұстаздық қызмет атқаруда.

Үйленген. Бес баланың әкесі.

Құранды толық хатым жасайтын қари.