Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы 106

Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы

16 қыркүйек 2020 299 Оқу 1 минут

Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы


1978 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.


Білімі мен біліктілігі:

1985-1994 жылдары Физика- математика лицей-интернатында оқыған.

1994–1998 жылдары Өзбекстанның Әндижан қаласындағы «Саид Мухиддин Махдум» медресесін «имам хатиб және ұстаз» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998–2001 жылдары Пәкістан Ислам республикасында қарилар даярлайтын мектепте 30 пара Құранды толық жаттап ұстаздардан ижаза алған.

2015-2017 жылдары Алматы қаласы, «Шет тілдер және карьера» университетінің магистрлік дәрежесін алған.


Еңбек жолы:

2002 жылы Алматы орталық мешітінде азаншы.

2004 жылы Алматы орталық мешітінің найб имамы.

2003-2008 жылдары аралығында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімдерін жетілдіру Ислам институтында Құран және тәжуид сабақтарынан сабақ берген.

2006-2011 жылдары Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Қ.Маханбет қажының қолдауымен ашылған «Көктөбе қарилар даярлайтын» орталықта Ж.Садырханов қаримен бірлесіп ұстазыдық қызмет атқарды.

2011 жылы Алматы орталық мешітінің найб имам қызметінен босатылып, сәуір айынан бастап Жамбыл облысының және орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы қызметтеріне, 2013 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесіне директоры болып тағайындалды.

2019 жылы Бас Мүфтидің бұйрығымен Алматы қаласы Бостандық аудандық Байкен мешітіне Бас имам болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Алматы қаласына қарасты Қарилар дайындайтын қайырымдылық мекемелерінің Жетекші ұстазы болып қызметтерін бүгінгі күнге дейін атқарып келеді.

2004 жылдан бері республикалық Құран сайыстарының тұрақты төрешілер мүшесі.

 

Жетістіктері:

2002 жылы – Үндістанда өткен дүниежүзілік Құранды жатқа қырағаттап оқу сайысында ІІ-орынды иеленген. 2003-2005 жылдары Малайзияда, Ливияда Құранды мәнерлеп жатқа айтудан өткен жарыстарға да қатысқан.


Марапаттары:

2014 жылы мемлекеттік «Шапағат медалімен» , 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың алғыс хатымен және Жамбыл ауданының құрмет граматасымен марапатталған.

Құран хатым өтіп жүрген толық қари.