Облыстың Бас имамы қариларды құттықтады 958

Облыстың Бас имамы қариларды құттықтады

15 қазан 2021 125 Оқу 1 минут

 Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Түркістан қаласында өткен Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, жүлделі болған қариларды таныстырып, жеңісімен құттықтады.

Аталған жарысқа 74 қари қатысты. Оңын ішінде екі күнге созылған додада Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінен 20 парадан Хабибулла Раушан ІІ орын, толық Құраннан Бекзат Тасболатов V орынды иеленді.

Сайыстың қортынды есебі бойынша Хабибулла Раушан 1500 000 тг қаржылай сыйлықпен, ал Бекзат Дулатұлы Умраға (кіші қажылық) жолдамамен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі