Ақ жаулықты әжелер ардақталды 6696

Ақ жаулықты әжелер ардақталды

02 қазан 2026 27 Оқу 1 минут

1 қазан – Қарттар күнінде Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Ақ жаулықты асыл жандар» атты тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – үлкенге құрмет көрсетіп, ақ жаулықты әжелеріміздің өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа өнеге ету, жастар мен аға буын арасындағы сыйластықты арттыру.

Кездесу барысында Құран аяттары оқылып, «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында насихат айтылды. Ақ жаулықты әжелерімізбен сұхбат жүргізіліп, олардың өмірлік ұстанымдары мен жастарға ақыл-кеңестері тыңдалды.

Сонымен қатар, жамағат арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, “Асыл әжем” әні хормен орындалды.

Кеш соңында ардақты әжелерімізге арнайы құрмет сертификаттары табысталып, олардың отбасына, қоғамға және кейінгі ұрпаққа сіңірген еңбектеріне алғыс білдірілді.