Шалқарда  «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті 3123

Шалқарда «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті

25 қараша 2023 1625 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков және аудандық мешіттің азаншысы Қайрат Қаймолдиннің ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.

Сайыскерлердің біліктілігіне Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков, наиб имам Ерлан Наурызбаев және «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай төрелік жасады.

Қызықты әрі тартысты өткен білім додасына мешіт жамағатынан 4 команда, жалпы 30 адам қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша І орынды «Тәуекел» командасы жеңіп алса, II орын «Мухажир» командасына, III орын «Бірлік» командасына бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлық және марапаттау қағаздары табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі