Хромтау: Кәсіпкер 150 адамға ауызашар берді 1587

Хромтау: Кәсіпкер 150 адамға ауызашар берді

26 сәуір 2022 144 Оқу 1 минут

Хромтау қаласындағы «Барс» мейрамхана басшылығының ұйымдастыруымен 150 адамға ауызашар берілді. 

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Қонақбайұлының шақыртуымен ауызашарға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман қатысып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының сәлемін жеткізіп, Рамазан айының жақсылығы және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынасы тақырыбында жиналғандарға насихат айтты.

Сонымен қатар игі шара барысында ауданның Бас имамы Ерік Қонақбайұлы мен Түркиядан келген Дуран қари Рыдван жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтады. Одан өзге ұйымдастырушылар арнайы шақыртуымызды қабыл алып келген облыстың наиб имамына ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі