Оқушылар мешіт тынысымен танысты 6474

Оқушылар мешіт тынысымен танысты

27 маусым 2026 13 Оқу 1 минут

№2 Хромтау гимназиясының жазғы лагеріне қатысушы оқушылар Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне танымдық саяхат жасап, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Саяхат барысында Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали оқушыларға мешіттің атқарып отырған қызметі, оның қоғамдағы орны мен маңызы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ жасөспірімдерге мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар рухани тәрбие мен имандылықтың ордасы екендігі түсіндірілді.

Экскурсия барысында оқушылар мешіттің ішкі құрылымымен танысып, намаз оқу залы, дәріс өткізілетін бөлмелерді аралап көрді.