Ақтөбе: «Намаздың парыздары» тақырыбында ашық сабақ өтті 2561

Ақтөбе: «Намаздың парыздары» тақырыбында ашық сабақ өтті

20 наурыз 2023 75 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер сауат ашу орталығында дәріске қатысушы әр шәкірттің білімдерін тексеріп, үйренген ілімінің нәтижесін көру мақсатында «Намаздың парыздары» тақырыбында ашық сабақ өтті. 

Аталған ашық сабаққа Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің ұстазы Айдана Талғатқызы арнайы қатысты.

Отыз шәкірт қатысқан ашық сабақта білім алушылар екі топқа бөлініп, негізгі кезеңдер мен сұрақ-жауаптар арқылы барлық намаз құлшылығына қатысты мәселелерді қамтып шықты.

Білім сынағында өзара белсенділік танытқан шәкірттерге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мұсақызы шынайы алғысын білдіріп:

«Білім алу – әрбір ер мен әйелге парыз. Алған ілімдеріңізді игеру үшін әрдайым амалға асырып, жемісін көріңіздер. Ілімсіз жасалған құлшылық қараңғыда нұрдан айырылған жолаушының жағдайымен бірдей»,-дей келе шәкіртердің білім көкжиегіне сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі