Видеобайқау қортындыланды 699

Видеобайқау қортындыланды

28 шілде 2021 112 Оқу 1 минут

Қадірі асқан Құрбан айт мерекесіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен видеобайқау жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты—айт мерекесін қоғамда тек қана діни мереке деп қарамай, барша адам баласы үшін берекесі тасыған мейрам ретінде мәртебесін асыру.

Мейрам болған соң жақсы көңіл-күйсіз өтпесі анық.Ал,керемет көңіл-күйге әлбетте,жақсы сөз себепші.Осы орайда,барша жұртшылыққа ыстық ықылас пен ізгі ниетін жолдау арқылы үздіктер қатарынан табылып, сыйлық ұтып алуға әлеуметтік желідегі оқырманға үлкен мүмкіндік болды.

Дегенмен,байқауда бақ сынаған барша қатысушылардың еңбегі еленіп,естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қатысқан әрбір оқырманымызға шынайы алғыс білдіріп,рахмет айтамыз!