«Рамазан сыйы»: Қарттар үйіне ауыз су сүзгі құрылғысын орнатып берді
ҚМДБ-ның «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешіті қарттар үйіне қайырымдылық жасады.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына құны жарты млн теңге қаражатты құрайтын ауыз су сүзгі (фильтр) құрылғысын орнатып берді.
Қариялардың таза суды қолданып, пайдаланулары үшін жомарт азаматтардың демеушілігімен аталған игі іс тиісті деңгейде атқарылып, мекеме басшыларына табысталды.
Қасиетті айда осындай сауапты іске мұрындық болған мешіт имамы мен демеушілік жасаған азаматтарға мекеме басшысы Асылбек Жүсіпқалиұлы алғысын білдіріп, ақсақалдар қауымы баталарын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі