«Қасиетті Құран – жүрекке шипа» атты жарыс өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қасиетті Құран – жүрекке шипа» атты жарыс өтті.
Аталған жарыстың басты мақсаты – Қасиетті Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, жастардың діни сауатын нығайту.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар әр кезеңде өз білімдерін, зеректіктері мен дайындықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Тартысты әрі әсерлі өткен сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынмен «Уасиля» тобы, 2-орынмен «Каусар» тобы, ал, 3-орынмен «Нас» тобы марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.












































