Ақтөбе: «Рамазан 2021» мобильді қосымшасын іске қосты 599

Ақтөбе: «Рамазан 2021» мобильді қосымшасын іске қосты

06 сәуір 2021 670 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай арнайы Call-орталық жұмысын бастады.

Діни сұрақтарға жауап беретін орталыққа ақтөбелік тұрғындар Рамазанға және өзін мазалаған мәселесіне қатысты сауалдарын жолдай алады.

8 702 777 59 03 телефонына хабарласу арқылы, ораза, ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, пітір садақаны онлайн форматта беру, ауызашар және басқа да мәселелерге қатысты жауап алуға болады.

Сонымен қатар, ерекше айтып кететін жаңалық, тұрғындар өз ұялы телефонына ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешіті іске қосқан «РАМАЗАН 2021» атты мобильді қосымшасын Play Market-тен жүктеп алуға болатынын хабарлаймыз. Аталмыш мобильді қосымшадан «Оразаға қатысты 150 сұрақ-жауап», сәресі және ауызашар дұғасы, ораза және намаз кестесі, тарауих намазы, қадір түні, зекет және пітір садақасы, ораза айт және Рамазанға байланысты хадистер секілді құнды мәліметтер таба аласыздар. Қосымшаны жүктеп алу үшін android смарфондар үшін мына сілтемені басыңыз: https://play.google.com/store/apps/details?id=ramadan.nurgasyr.kz


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі