Ақтөбе: Ерлер жамағатының арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды 3108

Ақтөбе: Ерлер жамағатының арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды

20 қараша 2023 436 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің және Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен ерлер жамағатының арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы бірлікті нығайту.

Жарыстың ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Сансызбай Ұлқабай сөз сөйлеп, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дода нәтижесінде үздік ойын көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, орталық басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі