Ақтөбе: Балаларға қуаныш сыйлады 1352

Ақтөбе: Балаларға қуаныш сыйлады

27 ақпан 2022 98 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті мен ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұйымдастыруымен қасиетті Ережеп айында «Аяла» қайырымдылық балалар үйіндегі балаларды «Jungle park» балалар ойын-сауық кешеніне апарып, қуаныш сыйлаған игі шара өтті.

«Бақытжан» мешінің бас имамы Ержан Мизамов: «Мұсылманның міндеті – әркез бауырына қамқорлық танытып, мейірбан болу. Осы шарамызды өтуіне қолдау білдірген «Jungle park» басшылығына және игі іске атсалысқан барша жамағатқа алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге береке берсін», -деді.

Бас имам жеткіншектерге жақсы білім алу, әдепті болу, үлкенді сыйлау сынды адамгершілік құндылықтар туралы айтып, олармен емен-жарқын әңгімелесті.

Шара қортындысында бүлдіршіндерге дастархан жайылып, өздері қалаған сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі