Темір: «Аталар мектебі» құрылды 2980

Темір: «Аталар мектебі» құрылды

10 қазан 2023 158 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің жанынан қарттар мерекесі қарсаңында «Аталар мектебі» құрылды. 

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында аталар мектебінің атқаратын рөлі зор. Ауданның жаңадан тағайындалған Бас имамы Зарлық Ералин ақсақалдарға аталар мектебінің құрылудағы мақсатын айтып өтті.

«Қоғамды ізгілендіруде аталарымыздың жастарға беретін ұлағатты тәрбиесі өте маңызды. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын насихаттауда, салт-дәстүріміз бен ғұрыптарымызды жас ұрпаққа жеткізуде қазыналы қарттарымыздың орны бөлек. Осы орайда сіздерден сауапты амалда қолдау көрсетуді сұраймын»,- деді.

Шара ақсақалдарға арнайы жайылған дастарханмен жалғасын тапты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі