Шалқарда «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара өтті 2979

Шалқарда «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара өтті

10 қазан 2023 77 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» бағытының аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты жиын өтіп, Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен қала, ауыл имамдары және ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелері қатысты.

Жиынның мақсаты: Аталар мектебін жандандырып, оны халыққа насихаттау.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан арнайы ақсақалдар алқасы бар екені белгілі. Біз әртүрлі тақырыпта мешіт істері, жастармен жұмыс, садақа, жаназа сынды көпшілік ортада дін қызметкеріне тән ұстамдылық пен тәртіп мәселесінде басқа да ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуде сіздердің кеңестеріңіз қажет. Халқымызда «Қарты бардың қазынасы бар» деген керемет сөз бар. Ұрпақ, қоғам тәрбиесі тақырыбындағы шараларды өздеріңізбен кеңесіп отырып атқарамыз» деп атап өтті Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков.

Бегімбет ауылдық мәдениет үйінде қарттар күніне орай өткен шара барысында бата беру, салт-дәстүр бойынша ауылдың қазыналы қарияларының арасында сайыс болып, үздіктері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Аталар мектебінің» жұмыс жоспары талқыланып өтті.Ал ақсақалдар өскелең ұрпақ тәрбиесі, имандылықты дамыту, салт-дәстүріміз бен ана тілізімізді кең насихаттау бойынша өз ойларын ортаға салды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі