Темір: Қарттарға құрмет көрсетті 3778

Темір: Қарттарға құрмет көрсетті

02 қазан 2024 323 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің Бас имамы Ералин Зарлықтың ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай аудан ақсақалдарына дастархан жайылды. 

«Қарты бар елдің – қазынасы бар»,- деп бұрынғылар айтқандай қазыналы қарттарды ардақтау, құрметтеу өскелең ұрпақ жастардың міндеті»,-деді ауданның Бас имамы.

Аталған шара қортындысында аудан ақсақалдары өмірлік ақыл- кеңестерін айтып, жамағатқа баталарын берді. Осы секілді шаралардың алдағы уақытта да жалғасуына тілектестік білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі