Технолог Атырау облысына іс-сапармен барды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Халал Даму» стандарттау, сертификаттау саласының технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Атырау облысына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа семинар өткізіп, Азан радиосына сұхбат берді.
Сапар аясында Азан радиосының «Әйел бақыты» бағдарламасына қатысып, «Халал – шариғат талабы» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында халал индустриясының маңызы, стандарттау талаптары және тұтынушылар үшін адал өнімді таңдаудың негізгі қағидалары талқыланды. Технолог эфир тізгіншісі Жанат Қанатқызының сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сонымен қатар Ақмаржан Ержанқызы Атырау қаласындағы Иманғали мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен семинарға қатысып, жиналған қауымға халалдың шариғи негіздері мен сертификаттаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.
Бұл іс-шаралар өңір тұрғындарының халал тұтыну мәдениетін арттыруға және адал ас ұстанымдарын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі