"Үздік ауыл имамы – 2022" анықталды 2327

"Үздік ауыл имамы – 2022" анықталды

19 желтоқсан 2022 178 Оқу 1 минут

Облыстық дін істері басқармасы мен "Аңсар" АТО-ның ұйымдастыруымен "Дін саласының үздіктері – 2022" байқауы өтіп, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық мешітінің имамы Нұрдаулет Әуезов  "Үздік ауыл имамы – 2022" атанды.

Салтанатты шараның табыстау рәсімінде жеңімпазды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев марапаттады.

Айта кетсек, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің 2022 жылды қортындылау жиынында ҚМДБ-ның 7 бағытының бірі  –  "Ақпарат және ағарту" бағыты бойынша үздік танылып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының алғыс хатымен марапатталды.

Нұрдаулет Сәбитұлын жеңісімен құттықтаймыз! 


Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі